Алматы облысында сотталғандар денелеріне қасақана зақым келтірді
Алматы облысында сотталғандар денелеріне қасақана зақым келтірді
«Адам өлтіру, зорлау қылмысы бойынша 12 жылға сотталған олардың бірі басын қабырғаға соқса, қарақшылық үшін 6 жылға сотталған екіншісі басымен терезені сындырып жарақат алды, ұрлық үшін 5 жыл жазаға кесілген үшінші адам өз-өзінің қолын кесіп жіберді. Бұлардың үшеуі де мекеме тәртібін ұдайы бұзатын сотталғандар», - деп хабарлайды ҚАЖД. Олардың қолдарына кісен салынып, бақылаушы орган өкілдерінің көз алдында акт толтырылды. О рын алған жағдайға байланысты материалдар Ақпараттарды тіркеу кітабына енгізіліп, процессуалдық шешімдер қабылдау мақсатында Қапшағайдағы қалалық ішкі істер бөліміне жіберілді. Осыған дейін хабарланғандай, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде тінту жұмыстары мүлікті толық түгендеу арқылы жүзеге асырылуда, шараның негізгі мақсаты - түзету мекемелеріндегі тәртіпті күшейтіп, тыйым салынған заттарды анықтау және жою.