"Қайраттың" жаңа бапкері тағайындалды

"Қайраттың" жаңа бапкері тағайындалды

"Қайраттың" жаңа бапкері тағайындалды
ашық дереккөзі
Еліміздің үздік футболшыларының бірі, ұлттық құраманың бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович Алматының «Қайрат» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».  Клуб басшылығы мен команданың бас бапкері Карлом Алос Ферердің шешімімен Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясындағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға команданы Андрей Карпович жаттықтырды. Карпович клубқа бас бапкердің көмекшісі ретінде 2017 жылы, грузиялық маман Кахабер Цхададзенің тұсында келген. Ойыншы ретіндегі карьерасын Семейде бастаған, 1998 жылы Қазақстан чемпионы болды. Соңғы уақытта «Қайраттың» шабуыл шебін өзі жаттықтырып жүр.