Тәжікстанда WiFi қолданатын барлық нысандар тексерілуде

Тәжікстанда WiFi қолданатын барлық нысандар тексерілуде

Тәжікстанда WiFi қолданатын барлық нысандар тексерілуде
ашық дереккөзі
Тәжікстан байланыс қызметі сауда орындарында, базарда, мейрамханаларда және қоғамдық орындарында сымсыз WiFi-Интернетті пайдалану және сатуды тексере бастады. Бұл туралы жергілікті кәсіпкерлер хабарлады. 
Байланыс қызметінің басшысы Бег Сабур 11 сәуірден бастап WiFi қолданатын барлық мекемелерді тексеруді тапсырған. Биліктегі дереккөздің хабарлауынша, бұл "Байланыс жөніндегі" заңға байланысты. Жұмысшы тобының өкілдері "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" деген себеппен WiFi құрылғылардың нөмерлерін жазып алып жатыр екен. Тәжікстандағы мобильді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Иркаев байланыс қызметінің тексеру жүргізуге заңды түрде құқығы бар дейді. Ол WiFi қызметін пайдалануға арнайы рұқсат алу оның бағасына әсер етеді дейді. Бұдан былай кез-келген кәсіпкер сымсыз интернет орнату үшін, биліктен арнайы рұқсат алу керек.