Талғарда 30-дан астам үйді тонаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданында жеке тұрғын үйлерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. хабарлады. 

Арнайы жедел іздеу шаралары барысында 20 мен 25 жас аралығындағы үш ер адам ұсталған, әрқайсысы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Ұсталғандардың биыл жыл басынан бері Талғар ауданының әртүрлі елді мекендерінде болған 32 тонаушылыққа қатысы бары дәлелденді. Қылмыскерлер үйлерге кіріп, компьютер, телевизор, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды заттарды тонаған. Бастапқы шығын сомасы 7 миллион теңгеден асады.

Талғар аудандық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды.

 

Back to top button