Үш облыста су деңгейі төмендеді

Үш облыста су деңгейі төмендеді

Үш облыста су деңгейі төмендеді
ашық дереккөзі
Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында су тасқыны қаупі сейілді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Жерді қашықтықтан зондтау мен гидромтеорологиялық стансалардың түсірілімдерінің мәліметтері бойынша, аталған облыстарда ылғал қоры 13-ші сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда едәуір азайған. Тұрақты жер қабатының көлемі 0-7% және олар негізінен жыра, сайларда, орманды алқаптарды байқалды. Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, облыстарында су деңгейі төмендей түсті. «Қостанай облысында бұдан кейінгі уақыттағы ылғал деңгейінің өзгеруі мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі Ресей Федерациясының аймағында орналасқан су қоймаларының су шаруашылығы жұмысының режімі негізінде анықталады»,-делінген хабарламада.