Мирзияев: мұғалімдерге мақта тергізіп, көше сыпыртқан шенеуніктер қызметтен шеттетіледі

Мирзияев: мұғалімдерге мақта тергізіп, көше сыпыртқан шенеуніктер қызметтен шеттетіледі

Мирзияев: мұғалімдерге мақта тергізіп, көше сыпыртқан шенеуніктер қызметтен шеттетіледі
ашық дереккөзі
Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен өзбек президенті Шавкат Мирзияев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады. Мемлекет басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңында жол бойын жинау кезінде КамАЗ басып кеткен еді. Мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктер қызметтен қуылатынын президент қатты ескертті. 13 сәуірде Сайхунабад ауданының белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзияев ұстаздардың аббаттандыру жұмыстарына тартылуын алғаш мәрте сынады. Сонымен бірге мемлекет басшысы аймақтарға сапары қарсаңында шұғыл түрде жасалатын "көзбояушылық" жұмыстардан хабардар екенін мәлімдеді. "Маған бұл аймақ туралы мәліметтерді сапардан бір күн бұрын жеткізеді. Бірақ көптеген орындарда "көзбояушылық" көп кездеседі. Шынымды айтсам, маған өте ыңғайсыз, бұның бәрінен жиіркенемін. Мұғалімдерге айналаны жинастырып, көше сыпырту - мені ғана емес, менің саясатымды сату", - деді Мирзияев. Сайхунабад ауданындағы кездесуде Мирзияев "мақтан сөздер" мен "түрлі жиналыстарда арнайы дайындалған адамдардың мадақтауларынан" жалыққанын айтты.