Башар Асад Сирияны қалыпқа келтіру үшін қанша қаржы керегін айтты

16 сәуір, 2018 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Башар Асад Сирияны қалыпқа келтіру үшін қанша қаржы керегін айтты Ресейлік депутаттармен кездесуден кейін Сирия президенті Башар Асад Батыс жасаған соққылардың тек НАТО-дан қорықпауға себеп болғанын айтты. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.  «Президент Асад Сирия халқының бұл соққылардан кейін тек НАТО-дан қорықпауға көзі жеткізгенін айтты. Сондай-ақ, президент Батыстың таңған тәртібіне қарамастан Сирияны тәуелсіз дамыта беретіндігін мәлімдеді», - дейді Мемлекеттік Дума координаторы Саблин. Саблин журналистермен кездесу барысында Сирия инфрақұрылымын толық қалыпқа келтіру үшін 400 млрд доллар қажет болатындығын және бұған 10-15 жыл кететінін жеткізді.