Балаларына 300 мың теңге қарыз болған азамат түрмеге қамалды

Балаларына 300 мың теңге қарыз болған азамат түрмеге қамалды

Балаларына 300 мың теңге қарыз болған азамат түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында төрт баласы үшін 300 мыңнан астам теңге алимент төлемеген азамат тұтқындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тасқала ауданының тұрғыны төрт баласы үшін алиментті ұзақ уақыт бойы төлемеген. Қордаланған қарызды өндіру туралы сот орындаушысының бірнеше рет жолдаған ескертпелеріне қарамастан, борышкер сот актісін орындамаған. Соның нәтижесінде биылғы 1 наурызға дейінгі алимент берешегі 318645 теңгеге жеткен. Тасқала аудандық сотында құқық бұзушы кінәсін мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан, сот актісін орындауға мүмкіндігі жоқ екендігін алға тартты. Сот аталған тұрғынды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оны 3 тәулік мерзімге қамау туралы қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.