Whats App-та балағат сөз жазған қарағандылық әйел сот алдына келді

Whats App-та балағат сөз жазған қарағандылық әйел сот алдына келді

Whats App-та балағат сөз жазған қарағандылық әйел сот алдына келді
ашық дереккөзі
Қарағанды соты әлеуметтік желідегі чатта ата-аналардың біріне тіл тигізу ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады. 
Әйел адам сот алдында басқа бір оқушының анасына "тіл тигізді" деген бап бойынша сот алдына келді. Анықталғандай, екі әйелдің балалары №45 гимназияның екінші сынып оқушысы екен, екеуі де Whats App мессенджеріндегі ата-аналар чатында болған. Биыл қаңтардың ортасында қатты аяз болғанына қарамастан, ата-аналардың бірі сынып жетекшісіне сабақ өткізуді ұсынады. Сөйтіп олар бұл мәселені ортақ чатта талқыламақ болған. Бұған жауап ретінде басқа бір оқушының анасы балағат сөз жазыпты.  Ол бұл үшін кешірім сұрап, балағат сөзді өшіріп тастайды. Алайда тіл тиген әйел скриншот жасап үлгеріпті. Сотталушы бұл оқиға Т9 редакторының кесірінен болғанын алға тартты. Сот әйел адамды кінәсіз деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.