Президент шетелдік сөздердің қазақша аудармасын сынға алды

Президент шетелдік сөздердің қазақша аудармасын сынға алды

Президент шетелдік сөздердің қазақша аудармасын сынға алды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы кейбір шетелдік сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына көңілі толмайтынын айтып, сынға алды. Ол бұл туралы «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарды таныстыру шарасында айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.  «Шетелдік, әсіресе орыс тіліндегі сөздерден құтылуды қалап едік. Қаншама сөздер қазақ тіліне аударылған. Тіпті, кейбір сөздерді айтуға ұяласың. Әрине, кейбір терминдер өте жақсы аудармасын тауып жатса, кейбіреулері жай аудару үшін ғана жасалған. Халықаралық «процент» сөзін түркі тіліндегі емес, парсы тіліндегі «пайыз» сөзіне аударған. Мен бұған келіспеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында қазақ тіліндегі 100 оқулықтардың тұсаукесерінде. Президент кейінірек композитор Еркеғали Рахмадиевтің «композитор болып едім, енді сазгермін деп айтқан сөзін есіне алды. «Композитор, пианино – халықаралық сөздер. Оларды аударғаннан не аламыз? «Пианино» сөзін «күйсандық» деп аударып қойған. Сонда «сандық» қазақ тілінде қандай мағына береді?»,-деп жалғастырды Елбасы. Алайда президент кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына жоғары баға берді. «Мороженое сөзін «балмұздақ» деп өте жақсы аударған. Халықаралық терминдер қазақ тіліне еніп жатса, оны тек қана байытып қана қоймай, сондай-ақ сөздердің санын көбейтеді», – деді Мемлекет басшысы.