30 млн теңгені қалтаға басқан қазақстандық қашқын Украинадан экстрадицияланды

30 млн теңгені қалтаға басқан қазақстандық қашқын Украинадан экстрадицияланды

30 млн теңгені қалтаға басқан қазақстандық қашқын Украинадан  экстрадицияланды
ашық дереккөзі
30 млн теңге жымқырды деп айыпталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  «Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде, қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украинадан Максим Коробко экстрадицияланды. Коробко Ақтөбе қаласында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін күдіктелген. Ол 2013 жылы «Глобус» ЖШС-нан және В.Н. Болтенко деген азаматтан лифт жабдықтарын жеткізіп, орнатамын деген желеумен 30 млн теңгеден астам қаражат алған. Алайда міндеттемесін тиісті уақытта орындамаған», - делінген қадағалау органының Фейсбуктегі парақшасында . Ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Максим Коробко Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.