Жаңалықтар

Ел намысын қорғайтын өнертапқыштар

ашық дереккөзі

Ел намысын қорғайтын өнертапқыштар

Қарағандылық жас өнертапқыш тірек-қимыл мүшелері жарақаттанған  адамдар үшін экзоскелет құрылғысын жасады.  Ол алдағы уақытта «ТМД-ға 100 идея» халықаралық көрмесіне қатыспақ. Жаңа жобасын да сол көрме үшін әзірлеген. Интерн-хирург Вячеслав Литвинов халықаралық көрмеде тірек-қимыл мүшелеріне зақым келген  адамдарға  және өз еркімен қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан адамдар үшін экзоскелеттерді қалпына келтірудің портативті үлгілерін жасау және іске асыруға бағытталған жобасын ұсынады. 11 сәуір күні Беларусь Республикасының Минск қаласында басталған ауқымды көрме 13 сәуірге дейін жалғаспақ. Іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастарын ұзақ мерзімді инновациялық даму мәселелерін шешуге, ғылыми, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл көрмеге Қазақстанның атынан қатысушы жастар «Менің елім Достастықта», «Қауіпсіздік», «Әлеуметтік сала», «Жанды жүйелер», «Наносистемалар өнеркәсібі», «IT-саласы», «Авиация және ғарыш және көлік жүйелері»,  «Медицина және денсаулық сақтау» номинациялары бойынша өздерінің дайындаған жобаларының түпнұсқаларын көрсетуде. Айта кетейік, Қазақстан делегациясының құрамында серпінді және инновациялық идеялары мол 10 адам бар. Олар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған «Жастар Отанға» инновациялық идеялары мен жобалары фестивалінің қорытындысы бойынша жұмыстары үздік деп танылған азаматтар.  

«Түркістан-ақпарат»