Жемқорлық жүгенделсін десек...

Жемқорлық жүгенделсін десек...

Жемқорлық  жүгенделсін десек...
ашық дереккөзі
  «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа бұқаралық қарсылық форматындағы руханилық және өнегелік» атты дөңгелек үстел өтті. Отырысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев ашты. Іс-шараны Павлодар облысы бойынша арнайы мониторингтік топ басшысы Қобыланбек Қожин жүргізді. Өз сөзінде А. Мұқашев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті кеңірек насихаттау керектігіне назар аударды. Оның сөзінше, әлеуметтік желілерге жасалған қарапайым сараптау нәтижелері жастарымыздың біразы мемлекеттің бұл бағытта атқарып жатқан жұмысынан бейхабар екендігін дәлелдейді. Павлодар облыстық дін істері жөнін­дегі басқарма басшысы Дәулет Закария­нов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда діннің мүмкіндіктері зор екенін атап өтті. – Діннің негізгі функциялары – адамды моральдық-өнегелік жағынан тәрбиелеу, қағидаттар мен идеалдар жүйесін құру. Облысымыздағы әрбір діни бірлестік жемқорлықтың тыйылуына мүдделі, ‒ деді ол. «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Қайырбеков те бұл пікірді қостады. Оның айтуынша, исламда жемқорлыққа орын жоқ. Құран Кәрімде бөтен адамның мүлкін иеленуге, соттарға пара беруге болмайтындығы туралы аят бар. Отырыс соңында қатысушылар бұл қоғамдық дертке қарсы тұру мақ­сатындағы бірлескен жұмысты жал­ғас­тыруға әзірлігін танытты.