Сот Ерлан Біләлдің "Құрмет" орденін қайтармады

Сот Ерлан Біләлдің "Құрмет" орденін қайтармады

Сот Ерлан Біләлдің "Құрмет" орденін қайтармады
ашық дереккөзі
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері"  атағын қайтарылды. Алайда сот әртістің "Құрмет" орденін қайтару туралы өтінішін қараусыз қалдырды. Бұл туралы  "Алматы" телеарнасы хабарлады.  
Әртіс сот міндеттеген қомақты айыппұлды әлі төлеп бітірмеген. Ал "Сезам" театрының директоры апелляциялық сотқа қайта шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде Ерлан Біләлден бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. Апелляциялық сотқа бұл жолы да Ерлан Біләл жауапкер ретінде келген. "Сезам" театрының директоры Қайрат Баянов соттан Ерланнан моральдік шығын ретінде бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. Баянов шағымды өзі емес, адвокаты жазғанын айтса да, бір миллион теңге өндірудің себебін ақыры судьяға  түсіндіріп, дәлелдеп  бере алмады. Прокурор да "Сезам" театрының директорының шағымын қараусыз, бұрынғы үкімді күшінде қалдыруды қолдады. Моралбдық шығын өтеуден құтылған соң әртіс өзінің атағын қайтарып беру туралы өтінішін судьяға жеткізіп үлгерді. Судья Бектемірова  "Құрмет орденін" қайтару өтінішін қараусыз қалдырса да, Ерланға "Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері" атағын  қайтарып берді.
"Болған оқиғаға атақ-дәреженің еш қатысы жоқ. Өйткені мен шығармашылық адам ретінде сол Қазақстанның еңбек сіңірген атағын алған болатынмын. Ойнаған рөлдерім үшін, актер ретінде. Сол атағыма әділетті шешім қабылдағанына үлкен алғысымды білдіремін. Бәріне тәубе деп қарайтын  халықпыз ғой. Сондықтан ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес. Көтереміз шама-шарқымыз келгенше", — деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Біләл. Есте болса, ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық соты Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директорына "пара алуға әрекеттену" айыбын тағып, оған  52 миллион 500 мың теңге айыппұл салған еді. Бір ғана жалақыға қарап отырған әртіс қомақты қаржыны әлі төлеп бітіре алмағын айтты.