"Ертісті" кім басқаратыны белгілі болды

"Ертісті" кім басқаратыны белгілі болды

"Ертісті" кім басқаратыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Жанайдар Дүйсембаев "Ертіс" футбол клубының  директоры қызметінен уақытша шеттетілуіне байланысты орнына Насима Хаева тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысының футбол федерациясы қауымдастығының жаңа президенті болып жақында өңір басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек тағайындалған еді, ол "Ертіс" ФК бапкерлер құрамы және ойыншыларымен кездесу барысында клуб директоры Жанайдар Дүйсембаевтың уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады. Оның орнына "Ертіс" футбол клубының бас директоры міндетін клубтың қаржы директор Насима Хаева орындайтын болады. "Қаржы бойынша ахуал бір қалыпты, қарыз емеспіз. Үздік үштікке кіру мақсатынан ешкім бас тартпайды", — деді Жазылбек. "Ертіс" ФК бас бапкері Жерард Нус бапкерлер мен ойыншылар атынан өткен ойындағы жеңілісі үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетуге уәде берді.