Жарадың, Дима!: Баландиннің қанжығасында - екінші алтын

Жарадың, Дима!: Баландиннің қанжығасында - екінші алтын

Жарадың, Дима!: Баландиннің қанжығасында - екінші алтын
ашық дереккөзі
Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Малагада өтіп жатқан жүзуден Испания ашық чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.  Дмитрий 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Финалда Дмитрий бір бассейнді 27.80 секундта жүзіп өтті. Қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов 28.56 секунд көрсетіп, қола медаль еншіледі. Естеріңізге салсақ, Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында алтын алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальға қол жеткізді.