Курсанттар арасында халықаралық олимпиада өтті

Курсанттар арасында халықаралық олимпиада өтті

Курсанттар арасында халықаралық олимпиада өтті
ашық дереккөзі
2018 жылдың 6 сәуірінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Халықаралық олимпиадаға ТМД қатысушы мемлекеттердің 7 елінен командалар қатысты. Олар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы. Осымен, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлының басшылығымен екінші рет өткізілген халықаралық олимпадада институт курсанттары екі жыл қатарынан екінші орынды иеленіп келеді. ТМД халық-аралық аренасында курсанттарымыздың үздік нәтижелер көрсетуі, институт қабырғасындағы оқытушы-профессорлар құрамының жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлігін айқындайды. Оның бір дәлелі жуырда 2 курс курсанттар командасы, Армения Республикасында ТМД қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының арасында ағылшын тілінен ІV халықаралық олимпиадасына қатысып, абсолютті командалық есепте үшінші орынды иеленіп келген.

 width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width=