Жаңалықтар

Мұғалімді робот алмастырды

ашық дереккөзі

Мұғалімді робот алмастырды

Финляндияның Тампер қаласындағы мектепте оқушыларға робот сабақ жүргізеді. Elias (Элиас) деп аталатын құлтемір балаларға фин тілін оқытады, деп жазады 24.kz. Темір мұғалімнің өзі ағылшынша еркін сөйлейді әрі 21 тілді меңгерген. Робот балалардың сұрақтарына жауап беріп, оқуға деген құлшынысын арттыру үшін құрастырылған. Бірақ Elias әзірге мұғалімдік міндетті толық атқара алмайды. Өйткені сыныптағы тәртіпті қадағалауға күші жетпейді. «Дегенмен мамандар мектепте құлтемірді пайдалану – сабақ үйретуді тиімді етудің бір жолы», – дейді. !Жаңа оқу бағдарламасының мақсаты – балалардың қызығушылығын туғызып, сабаққа деген құлшынысын арттыру. Құлтемірді қолдану сыныптағы сабақты түрлендірудің тың жолы. Менің ойымша, роботтар мен бағдарламалау сабақ үйретуде жаңа тәсілдерді дамытуға септігін тигізеді", - дейді фин тілі мұғалімі Риика Колунсарка.