Сүйінші!: Баландин Испания чемпионатында топ жарды

Сүйінші!: Баландин Испания чемпионатында топ жарды

Сүйінші!: Баландин Испания чемпионатында топ жарды
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында алтын медаль иеленді.  200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді – 2:09.31. Бұған қоса Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты. Сондай-ақ, кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды. Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді. Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы Азия ойындарына дайындалуда.