Еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.  Қазақстанның солтүстігіндегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан көптеген облыста жаңбыр және қар аралас жауын жауып, тұман және көктайғақ болады. 10 сәуірде батыс аймақтарға антициклон ығысып, оның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды. Оңтүстік облыстарда дабылды ескерту жарияланған. 10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облысында 5 градусқа дейін үсік жүреді. Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады.