Мунгияға Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салынды
Мунгияға Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салынды
Мексикалық боксшы Хайме Мунгияға Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салынды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
21 жастағы Хайме Мунгияның бесінші мамырдағы жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болу мүмкіндігі қарастырылып жатқан. Бірақ NSAC мұндай жекпе-жек өткізуге рұқсат бермеді. Өйткені мексикалық боксшының 12 ранудтық тәжірибесі мен чемпиондық жекпе-жектері жоқ. Сонымен бірге ол орта салмақта емес, бірінші орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүр.
Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы Невада штатының атлетикалық комиссиясы Канелоның допинг сынамасына қатысты әлі ешқандай шешім шығармаса да, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы 5 мамырда өтетін кездесудің болмайтынын ресми түрде жариялаған еді