8 Сәуір 2018, 10:17 574 0 Мәдениет Анар ЛЕПЕСОВА

Президент қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оқырман назарына құттықтау мәтінін ұсынып отырмыз. 

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды жарқын мереке - Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің осы күні әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегі ерекше жылылыққа, қуаныш пен үміт сезіміне бөленеді. Пасха мейрамының символдары саналатын махаббаттың мәңгілік құндылықтары, қайырымдылық пен мейірімділік - еліміздің бүкіл тұрғыны үшін қымбат әрі қастерлі.

Барлық конфессия өкілдерінің өзара үйлесімді ықпалдастықта болып, бейбіт еңбек етуі - Қазақстанның басты байлығы. Біз мұны көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай дамыта беруіміз керек.

Жаңару мен жақсылыққа деген сенімді білдіретін бұл мерейлі мереке қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан жаңғырумен үндеседі. Жоғары адамгершілікті дәріптейтін Пасха мейрамының мән-маңызы игі істерге жетелеп, біздің өміріміздің гуманистік негіздерін нығайта түседі.

Баршаңыздың шаңырақтарыңызда татулық пен тыныштық болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке тілеймін!

 

Соңғы жаңалықтар