8 Сәуір 2018, 10:12 611 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Ер адамнан 70-ке жуық киік мүйізі тәркіленді

Киіктерден кесіп алынған 68 мүйізді алып бара жатқан ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ-нің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

Ол өзінің Facebook парақшасында рейд жұмыстары барысында «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары 6 сәуір күні сағат 19-00-де «Қазталовка-Жәнібек» трассасының бойынан Жәнібек ауданының 26 жастағы ер азаматы басқарып бара жатқан «Фольксваген-Гольф» көлігін тоқтатқандығын жазды. «Оның көлігін тексеру барысында киіктерден кесіп алынған 68 мүйіз табылды»,-деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.

Аталған факті бойынша, Қазталов аудандық АІІБ ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Соңғы жаңалықтар