Көктемгі егістік пен күзгі жиын-терінге қанша қаржы бөлінді?

Көктемгі егістік пен күзгі жиын-терінге қанша қаржы бөлінді?

Көктемгі егістік пен күзгі жиын-терінге қанша қаржы бөлінді?
ашық дереккөзі
Көктемгі егістік пен күзгі жиын-терін науқанына республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді. Бұл қыруар қаражатты аймақтарға бөлу кезінде олардың өзіндік ерекшеліктері ескерілді. Бұл туралы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға байланысты Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысында өткен көшпелі отырысында айтылды. Баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» Холдингі өкілдері диқандарға қаражаттың бөліну тәртібі мен ережелерін түсіндірді. Көктемгі дала жұмыстары үшін  егін шаруашылығымен айналысатын Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына  қаражаттың 60 пайызы беріліпті. Қалған 40 пайызы басқа аймақтарға үлестірілген. Ал Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі қаржы 4 миллиард теңгені құрап отыр. Биыл қаржыландыру жұмыстары қаңтар айында, яғни өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте басталған. Нәтижесінде шаруалар тұқым, гербицид, қосалқы бөлшектер мен егістікке қажетті дүниелерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Қаржыландыру жұмыстары «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне қарасты «Аграрлы несие корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады. Ал корпорация ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіруде үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Мәселен, кредиттік серіктестіктер арқылы  - 10,0 млрд. екінші деңгейлі банктерге – 22,0 млрд, ал тікелей кредиттеу жүйесі бойынша 28,0 млрд теңге бөлінген. Несиелеу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайыз.