Алматы: "Көкжиектегі" 5 қабатты үй өртенді

Алматы: "Көкжиектегі" 5 қабатты үй өртенді

Алматы: "Көкжиектегі" 5 қабатты үй өртенді
ашық дереккөзі
Алматыда "Көкжиек" шағын ауданында тұрғын үйде өртке оранды. Салдарынан 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі. "Көкжиек" шағын ауданындағы мансардасы бар бес қабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабатында балкондар өртенгені туралы хабар кезекші пультіне 16:03 кезінде түскен. "Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16:11 кезінде жетті. Ол кезде ғимараттың қасбеті бірінші қабаттан бастап бесінші қабатқа дейін лаулап жанып жатқан, бастапқы деректер бойынша, өрт аумағы 1000 шаршы метр. Шатыр да толығымен өртке оранған", — делінген хабарламада.Алматыда бес қабатты тұрғын үй өртке оранды Қазір оқиға орнында 70 өрт сөндіруші мен 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр. 300 адам эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.