Путин Анкараға келді

Путин Анкараға келді

Путин Анкараға келді
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапарын Түркиядан бастады. Анкараға келген Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі, деп хабарлайды Baq.kz.  Путин мен Ердоған Аккую атом электр стансасы іргетасын қалуға арналған салтанатты шараға қатысады. Аккуюды салуға Ресей де көмектеседі. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық әріптестік, Түркияның Ресейден "жер-аспан" класты С-400 зымыран жүйесін сатып алу жайын және Сириядағы жағдай талқыланады деп жоспарланған. 4 сәуір күні Ердоған мен Путин Анкарада Иран президенті Хасан Роуханимен Сириядағы соғысқа қатысты үш жақты келіссөз өткізеді. Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы 2015 жылы түркиялық ұшақ Сирия шекарасына жақын маңда ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін ушығып кеткен еді. Кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келе бастаған. Анкара Түркияның Жерорта теңізі жағалауынан Аккуйю атом электр стансасының бірінші блогын салу жұмыстарын бастау үшін "Росатомға" құрылыс лицензиясын берген. Түркия 2023 жылға дейін бірінші атом электрстансасы іске қоспақ. Бірақ құрылыс жұмыстары 20 миллиард долларға бағаланған жоба бірнеше рет кейінге шегерілген. Бұдан басқа Анкара мен Мәскеу Ресей газын Түркияға жеткізетін құны 12 миллиард долларлық TurkStream атты құбыр салуды жоспарлайды.