Альварес: Өзімді қауқарсыз сезініп жүрмін

Альварес: Өзімді қауқарсыз сезініп жүрмін

Альварес: Өзімді қауқарсыз сезініп жүрмін
ашық дереккөзі
Сауль Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы 5 мамырда өтетін кездесудің болмайтынын растады. Ағзасынан табылған зат туралы Альварестің өзі пікір білдірді. 
"Бұл жекпе-жектің болмайтынына көңілкүйім түсіп, өзімді қауқарсыз сезініп отырмын. Жасыратын ештеңем жоқ, мен "таза" болғым келеді. Әлгі зат (кленбутерол) ағзамнан кездейсоқ табылғанын дәлелдеу үшін бәрін жасаймын. Көңіліме тиетіні, адамдар мені кінәлап, жала жауып жатыр. Бұдан былай осындай жайт қайталанбас үшін, мұқият шаралар қолданатын боламын", — деді мексикалық боксшы. Головкин, өз кезегінде, хабарлағандай, келесі кездесуі Лас-Вегастағы "Синко де майо" рингінде өтеді. Алайда қазақстандық енді басқа қарсылас іздеуге мәжбүр. Оған қарсы шаршы алаңға шығуы мүмкін спортшылар — Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО). Головкиннің промоутері Том Леффлер Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен Хайме Мунгианың (28-0, 24 КО) кандидатураларын қабылдамады.