Жұмыссыз түркіменстандықтар Өзбекстан мен Қазақстанға кетуді жиілетті

Жұмыссыз түркіменстандықтар Өзбекстан мен Қазақстанға кетуді жиілетті

Жұмыссыз түркіменстандықтар Өзбекстан мен Қазақстанға кетуді жиілетті
ашық дереккөзі
Ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстан қажыған түркіменстандықтар елде екі қолға бір күрек таппағандықтан шекара асуды жиілетті. 
Соңғы уақытта Түркіменстанда Өзбекстан мен Қазақстанға еңбек мигранты ретінде визаға өтініш берушілер көбейген. Бұған себеп түркімен билігі Түркияға еңбек мигранты ретінде кетіп жатқан толқынды тоқтату үшін шараларды күшейткен. Түркияға ұша алмаған адамдар енді Өзбекстан мен Қазақстанға кетіп жатыр екен. Осыған дейін күніне Ашхабад әуежайынан Стамбұлға және Дубайға ұшпақ болған ондаған адам ұша алмай, үйіне қайтып жатқаны туралы ақпарат тараған. Ақпан айында түркімен азаматтарының Әзербайжанға жаппай кетіп жатқаны да хабарланған.