Білім гранттарын көбейтуге 5 млрд теңге бөлінеді

Білім гранттарын көбейтуге 5 млрд теңге бөлінеді

Білім гранттарын көбейтуге 5 млрд теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Қаржы министрі Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру үшін бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын мәлім етті. 
"Президенттің "Бес әлеуметтік бастамасын" жүзеге асыру соның ішінде 3 және 4 бастама бойынша 25 млрд теңге бөлу ұсынылуда. Үшінші бастама аясында осы жылы білім  беру тапсырыстарын 20 мың грантқа ұлғайту мақсатына 5 млрд теңге қарастырылмақ. Төртінші бастама шағын несилерді 60 миллиардқа жеткізу үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді", - деді Бақыт Сұлтанов. Жалпы министр атап өткендей, республикалық бюджет түсімдері 181 млрд теңгеге ұлғайып, 8 трлн 759 млрд теңгені құрады. Негізгі кіріс мұнайды экспорттаудан  түсетін кедендік баж салығы болып табылады. Ал 2018 жылы республикалық бюджеттің шығысы 417 млрд теңгеге өскен. Қаңтар айында жасалған айқындамаларға сәйкес, бюджеттің шығыс бөлігі 9 трлн 643 млрд теңгені құрайды. Осы соманың 292,5 млрд теңгесі Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға бағытталмақ. "Оның бірінші блогы – адами капитал сапасын жетілдіруге 106 млрд теңге бағытталады, оның ішінде мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге 30% дан 50%-ға дейін, яғни 62 млрд теңге, Назарбаев университетін ары қарай дамытуға – 31,7 млрд, жаңа жәрдемақы мүгедек жандарды күтумен айналысатын адамдарға 2,7 млрд теңге бөлінеді. Екінші блок экономиканың нақты секторын дамытуға 115 млрд бағытталмақ. Оның ішінде ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 31,7 млрд теңге қарастырылмақ. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіруге – 31,5 млрд теңге, агроөнеркәсіпті дамытуға – 15,6 млрд теңге қарастырылған", - деді Қаржы министрі.