Францияда жүрдек пойыздардың 90 пайызы жүрісін тоқтатты

Францияда жүрдек пойыздардың 90 пайызы жүрісін тоқтатты

Францияда жүрдек пойыздардың 90 пайызы жүрісін тоқтатты
ашық дереккөзі
Францияда теміржол қызметкерлері президент Эммануэль Макронның мемлекеттік теміржол компанияларын жекешелендіру туралы шешіміне қарсы жаппай ереуілге шықпақ.  Наразылық акциясына осы салада жұмыс істеп жатқан барлық қызметкерлердің тең жартысы қатыспақшы. Оның арасында 80 пайыз пойыз жүргізушілері бар. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, үкіметтің мұндай әрекетінен онсыз да шығынды сала бәсекелестікке қауқарсыз болып қалады. Билік болса жекешелендірумен бірге жұмысшылардың жеңілдіктері мен зейнетақы көлемін қысқартуды көздеп отыр. 2 күнге жарияланған наразылық акциясына байланысты 90 пайыз жүрдек пойыздар мен қала шетіне қатынайтын темір тұлпарлардың үштен екісі сапарға шықпайды. Жалпы шараны ұйымдастырушылар ереуілді 3 ай бойы жүргізбекші.