Отставкаға кеткен Аман Төлеев губернатор резиденциясын босатпайтын болды

Отставкаға кеткен Аман Төлеев губернатор резиденциясын босатпайтын болды

Отставкаға кеткен Аман Төлеев губернатор резиденциясын босатпайтын болды
ашық дереккөзі

Отставкаға кетсе де, Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеевтің «Халық губернаторы» атағы қала бермек. Ол резиденцияны да босатпайды. Оған ай сайын 50 мың рубль зейнетақы тағайындалды. Бұл туралы КТК телеарнасының сайты хабарлады. 

Кемерово облысын 21 жыл басқарған Төлеев ойын-сауық орталығындағы қайғылы оқиғадан кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Мұндай ауыр жүк арқалап, моральді тұрғыда ел басқаруға хақым жоқ , -деп Владимир Путиннен отставкаға жіберуін сұраған еді.  Қазір Кемеровоны Төлеевтің орынбасары болған Сергей Цивилев уақытша басқарып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Кемеровода “Зимняя вишня” сауда үйінен өрт шығып, 64 адам қайтыс болды.Олардың 41 –і балалар. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қаза болғандардың отбасыларымен кездестім, жәрдем көрсетуге қатысты мәселелерді шешуге тырыстым. Тағы да қатты қайғырып көңіл айтамын, және басымды иемін.