Елімізде азық-түлік бағасы 5,5 пайызға өсті
Елімізде азық-түлік бағасы 5,5 пайызға өсті
Елімізде биылғы жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 5,5%-ке өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Есепті кезеңде алкогольді ішімдіктер - 10,4%, сүт өнімдері - 9,7%, кондитерлік өнімдер - 8,3%, балық және теңіз өнімдері - 8,2%, тоқаш және ұн өнімдері - 6,7%, жемістер мен көкөністер - 6,3%, кофе, шай және какао - 4,1%, макарон өнімдері - 1,9%, нан - 0,8%, ұн 0,6%-ке қымбаттады, ал жармалардың бағасы - 19,1%, қант бағасы 15,1%-ке төмендеді.
Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,5%-ды құрады. Сиыр еті - 10,1%, жылқы еті және шұжық өнімдері - 8,5%, қой еті - 8,4%, шошқа еті - 8,1%, құс еті 3,5%-ке қымбаттаған.