Үрімжіде Наурызды тойлады

Үрімжіде Наурызды тойлады

Үрімжіде Наурызды тойлады
ашық дереккөзі
 Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Үрімжі қаласында 200-ден астам Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары, студенттер мен кәсіпкерлер, қазақ диаспорасының өкілдері Наурыз мерекесін тойлады, деп хабарлайды Қытайдағы  «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. Шараны Үрімжі қаласындағы  ҚР Төлқұжат-визалық қызметінің қолдауымен Қытайдағы  қазақстандық студенттердің шыңжаңдық бөлімшесі ұйымдастырды. Студенттер концерт қойды. Көрермендерге қазақ әндер мен күйлері және билері ұсынылды. Қонақтар көріп қана қоймай, арқан тарту және өзге  де қазақтың ұлттық ойындарына қатысты, Наурыз көжеден дәм татты. Еске сала кетсек, 25 наурызда осы қалада қазақстандық студенттер  Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдан 8 команданың қатысуымен шағын футбол ұйымдастырған болатын. Қытайда Наурызды тойлау ШЫҰ аясында 21 наурызда басталды. Сол күні Бейжіңдегі қазақ диаспорасы  мерекелік концерт қойды. 23 наурызда Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікмения және Өзбекстан өкілдері бірлесіп мерекелік шара ұйымдастырды. Ал 30-31 наурызда еліміздің жастары  Гонконг, Сиань және Шанхайда театрландырылған шоу және концертпен атап өтті.