Қазақстан полигонында Ресейдің зымыраннан қорғаныс жүйесі сыналды

Қазақстан полигонында Ресейдің зымыраннан қорғаныс жүйесі сыналды

Қазақстан полигонында Ресейдің зымыраннан қорғаныс жүйесі сыналды
ашық дереккөзі
Ресей әуе-ғарыш күштерінің әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс әскері Қазақстанның Сарышаған полигонында кезекті рет жаңартылған зымыранын сынады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты "Красная звезда" газетінің хабарлауынша, Ресей әуе-ғарыш күштері әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько "жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсіргенін" айтты. Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді. Ресей Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағыттап жиі зымыран атады. Ресей соңғы рет зымыраннан қорғаныс жүйесін биыл ақпанның ортасында сынаған. Ресей қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, бұл жүйе Мәскеу қаласын "әуе-ғарыш шабуылдарынан" қорғауға, сонымен бірге "зымыран шабуылдарын ескерту мен ғарыш кеңістігін бақылауға" арналған.