Еліміздің бес облысында су тасқыны қаупі жарияланды

Еліміздің бес облысында су тасқыны қаупі жарияланды

Еліміздің бес облысында су тасқыны қаупі жарияланды
ашық дереккөзі
Еліміздің бес облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды  ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми сайты. Қазгидрометтің хабарлауынша, 3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде температураның жоғарылауына, қардың еруіне, қарғын судың ағысына (қардың суы) байланысты су деңгейінің көтерілуі және арнадан судың жайылып кетуі салдарынан су басып қалу қаупі болжанады. 3-4 сәуірде Павлодар облысында ауа температурасының жоғарылауы, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан жіберілетін судың көбеюіне байланысты, су деңгейі көтеріліп өзендер арнасынан шығып кетуі ықтимал. 2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылауына, қардың еруі, жергілікті ағынның қалыптасуына байланысты су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу қаупі күтіледі. 2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде күннің жылынуына, қарғын судың ағынына, сеңнің арналарда кептелуіне байланысты су деңгей көтерілуі, өзен суының арнадан жайылып су басып қалуы қаупі болжанып отыр.