Жаңалықтар

ҚАЗКОММЕРЦБАНКТIҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

ашық дереккөзі

ҚАЗКОММЕРЦБАНКТIҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

“Қазкоммерцбанк” АҚ банк, оның негiзгi акционерлерi және “Самұрық-Қазына” қоры 2008 жылдың 9-шы желтоқсанында қол қойған өзара түсiнiстiк меморандумын iске асыру туралы құжаттар топтамасына қол қойғанын хабарлайды. Меморандумда нақты секторды несиелендiруге қажеттi мөлшерде қолдау көрсету үшiн тұрақтандыру шараларына Қазкоммерцбанктiң қатысуының негiзгi шарттары көрсетiлген.

Келiсiм-шартқа “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ (Қор), “Қазкоммерцбанк” АҚ және банктiң негiзгi акционерлерi – “Орта Азиялық инвестициялық компания” АҚ (ОАИК), “Alnair Capital Holding” АҚ (Альнаир) және Сұбханбердин Н.С. мырза қол қойды. Жалпы алғанда акционерлерге банктiң орналастырылған жай акцияларының 69,89% тиесiлi.

Құжаттар топтамасында үш құжат көрсетiлген: банк акционерлерiнiң құрамына Қордың кiру шарттары мен тәртiбiн реттейтiн келiсiм, Қордың акционерлердiң құрамында болатын мерзiмi iшiнде акционерлер мен банктiң өзара әрекеттесу тәртiбiн көрсететiн акционерлер арасындағы келiсiм, сондай-ақ, Қордың банк капиталынан шығу шарттары мен тәртiбiн реттейтiн опциондық келiсiм.

Қол қойған келiсiмдерге сәйкес тараптар меморандумда экономиканы тұрақтандыру бойынша көрсетiлген шараларды iске асырып және акцияларды орналастыру арқылы банктiң акционерлiк капиталын көбейтiп, сол арқылы экономиканың нақты секторына қосымша қаржы ресурстарын тартуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседi.

Меморандум аясында “Самұрық-Қазына” қорының банкке ұсынатын қаражаттың жалпы мөлшерi үш жүз миллион АҚШ долларынан кем болмайды. Банк акциялары Қазақстан Республикасының қазiргi заңына сәйкес, банктiң GDR ұстаушыларының және қазiргi акционерлерiнiң басымдылық құқығымен акцияларды сатып алу құқығын сақтай отырып, Қазақстан және Лондон қор биржаларының листингтiк талаптарына сәйкес, сондай-ақ, банк жасасқан барлық халықаралық келiсiмдерге сәйкес орналастырылады. Банк акцияларын сатып алу барысында “Самұрық-Қазына” қорының үлесi банк орналастыратын жай акциялардың 25%-нан аспайды, ал банктiң қазiргi iрi акционерлерi (ОАИК, Альнаир, Сұбханбердин Н.С. және ЕҚДБ) банктiң негiзгi бақылаушылары болып қалады. “Самұрық-Қазына” қоры Қазкоммерцбанктiң операциялық жұмыстарына араласпайды. Негiзгi акционерлер (ОАИК, Альнаир, Сұбханбердин Н.С.) басымдылық құқығымен банк акцияларын сатып алудан бас тартқандықтан, сату туралы құжатқа қол қойғаннан кейiн бiр жыл өткен соң, төрт жылдық мерзiм iшiнде олар қорға тиесiлi акцияларды сатып алуға опцион алады.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ