Жаңалықтар

ЖЕҢIМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ашық дереккөзі

ЖЕҢIМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындау аясында Астана қаласының Iшкi саясат басқармасымен 2008 жылы 19 тамызда жасалған №140 келiсiм шарт бойынша “Мәссаған” ұлттық веб порталы демеушiлерiнiң “ЖIГЕР” одағы қазақ және орыс тiлдi журналистер арасында — “Салауатты өмiр салтының үздiк әлеуметтiк жарнамаларын дайындауға журналистер арасында конкурс өткiзу” мақсатында жариялаған байқауының қорытындысы жарияланды.

Конкурстың мақсаты: Салауатты өмiр салтын тұрғындарға насихаттау және үздiк әлеуметтiк идеяларды жарыққа шығару, салауатты өмiр салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Конкурсты 18 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарына жариялап, конкурсқа келiп түскен мақалалар 2008 жылдың 20 қыркүйегiнен бастап, 20 қарашасына дейiн қабылданған.

Марапаттау рәсiмiне конкурстың қазылар алқасының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сақ Қайрат Өмiрбайұлы, қазылар алқасының мүшелерi ЕҰУ журналистика кафедрасының доцентi, филология ғылымдарының кандидаты Есдаулет Айтмұханбет Оразбайұлы және “Тiл және қоғам” журналының бас редакторы Бекен Қайратұлы қатысты.

Қазақтiлдi журналистердiң конкурсқа келiп түскен материалдарын сараптау негiзiнде төмендегi орындар белгiлендi. Қазылар алқасының шешiмi бойынша — қазақ тiлiндегi мақалалардан:

1 орын — Есенгүл Кәпқызы: “Оқушылардың жүрегiн гүл сазымен тербеген” мақаласы үшiн (“Түркiстан” газетi);

2 орын — Ұлжан Шайхы Назар “Өмiрден де қымбат мақсат” мақаласы үшiн (Астана қаласы);

3 орын — Бақытгүл Бабаш “Бүгiнгi бозбаланың “модасы” немесе насыбай деген немене?” мақаласы үшiн (“Жас Қазақ” газетi);

Ынталандыру — Айгүл Хабаева “Салауатты өмiр салтымыз болсын” мақаласы үшiн (Солтүстiк Қазақстан облысы);

Ынталандыру — Перизат Есенбаева “Тоқта, балам, атаң келедi артыңда” мақаласы үшiн (“Жас Алаш” газетi).

Орыстiлiндегi мақалалардан 1 орынға лайықты шығарма жоқ. Келесi орындар былай жiктелдi:

2 орын — Ольга Антонова: “Вверх, под облака Джунгарии” мақаласы үшiн (“ИнфоЦес” газетi)

3 орын — Самат Искаков: “Чем кормить малышей” мақаласы үшiн (“Вечерняя Астана” газетi)

Ынталандыру — Мира Альжанова: “Первая победа под парусами!” мақаласы үшiн (“Выбирай, интерьер” журналы)

Ынталандыру — Ляззат Бисембаева “Карнавал впечатлений” мақаласы үшiн (“Жилищное строительство Казахстана” газетi).