Жаңалықтар

АЯУЛЫ МЕНIҢ ОТАНЫМ

ашық дереккөзі

АЯУЛЫ МЕНIҢ ОТАНЫМ

Жандардың отты жарқылындасың,

Көгiмде мәңгi маздар күн.

Шағалалардың шаңқылындасың,

Қаңқылындасың қаздардың.

Құрышы қанбас құлақтардасың,

Құрақтардасың ән шерткен.

Дауыстап жатқан бұлақтардасың,

Алқынып келем аңсап мен.

Саусағындасың күйшi бiткеннiң,

Аңсауындасың құрбымның,

Шалғайындасың бишi көктемнiң,

Таңдайындасың бұлбұлдың.

Қызғалдақ қамал жырларымдасың,

Сырларындасың атаның.

Жанымның барлық ырғағындасың,

Аяулы менiң Отаным.

Төлеген АЙБЕРГЕНОВ