Жаңалықтар

“ҚАЗПОШТА” АҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ “ДҮКЕНI”

ашық дереккөзі

“ҚАЗПОШТА” АҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ “ДҮКЕНI”

Қазiргi заманғы ақпарттық технологиялар барған сайын өмiрiмiзге енiп келедi. Көптеген адамдар үшiн электрондық пошта, Интернет, электрондық магазиндер күнделiктi өмiрде әдеттегi және қажеттi шарттарға айналып отыр.

Ақпараттық технологиялар тауарлар мен көрсетiлген қызметтердi сатып алу сияқты қарапайым салаға жаңадан не енгiзе алар едi?

Газетiмiздiң беттерiнде бiз сiздерге сатып алуға және сатуға байланысты жаңа құралмен – www.рostmarket.kz: сайтында орналасқан электрондық сауда алаңынмен таныстырамыз.

рostmarket.kz желiсiнде жаңа электрондық сауда алаңы – Қазақстанда электрондық коммерция рыногын дамытуға бағытталған “Қазпошта” АҚ ұлттық пошта операторының тағы бiр жаңадан енгiзген жаңалығы. Бизнес – бизнес (В2В), бизнес – клиент (В2С) и клиент-клиент (Р2Р) принциптерi бойынша жұмыс iстейтiн сауда электрондық алаңы тұтынушыларға, жеткiзушiлерге және сауда серiктестерiне сату, сатып алу және өткiзу арналарын – қарапайым онлайын сатудан бастап электрондық сатып алу жүйесiне дейiнгi арналарды басқару үшiн шешiмдер қабылдауды қамтитын электрондық қызметтер көрсету және қызмет көрсету кешенi алуға мүмкiндiк бередi.

Электронды сауда алаңына жұмыс iстеу принциптерi мынадай тәсiлмен құрылды: әлеуеттi сатып алушы үйде компьютер алдында немесе пошта байланысы бөлiмшесiнде отырып, ҚҚП (қоғамдық қолжеткiзу пункт) көмегiмен бастапқыда өзiн қызықтырған тауар туралы, оның бағасы, өндiрушiсi туралы iздеу салады, содан кейiн егер сәттi аяқталса, пошта байланысының кез келген бөлiмшесiнiң кассасына ақша төлеп, тапсырыс жасайды.

Осы бизнес-процесте бұдан әрi сатушы тапсырысты алып, тауарды жiберумен айналыса бастайды, сатып алушы өзiнiң атына жазылған қажеттi тауары салынған сәлемдеменi алу туралы хабарлама алғанда ғана, пошта қызметтерiнiң ұлттық операторы сатушы шотына ақша аудару соңғы жұмыстарды атқарады. Ал сатып алушыны… Сатып алушы көрсетiлген уақытта тауарыңыз жеткiзу пунктiнде дайын тұрғандығы туралы жақын жердегi пошта бөлiмшесiнен хабар күтедi.

Қазақстанда электрондық коммерцияны енгiзудiң уақытқа сай және шынайы екендiгi туралы әлемдiк статистика айтып отыр. Жыл сайын Еуроодақ елдерiнде мерекеленетiн Тұтынушы күнi, 15 наурызда, Еуропа Одағы баяндамасында мынадай цифрлар аталып өттi, мысалы, 2006 жылы электрондық коммерциялық порталдар қызметтерiн пайдаланатын ЕО халқының саны ЕО халқының жалпы санының шамамен 25 пайызын құрады, бұл цифр 2007 жылы 30 пайызға жеттi, әрi салыстырып, болжап қарағанда болашақта бұдан әрi көбейе беретiн болады. АҚШ-та бұл пайыз еуропалық пайыздан асады.

Қазiрдiң өзiнде сауда алаңына саясат пен арнайы әдебиеттен бастап фантастика мен поэзияға дейiн бағыттар бойынша, бiздiң Қазақстан басылымдарының да, шетелдiк басылымдардың да кiтаптары шығарылған, балалар үшiн ата-аналар өз балаларының қабiлетiн дамытатын кiтаптар, әрi қызықты ойындар таба алады. Жас ұрпаққа соңғы бағдарламалық ойындар түрiнде және жай ғана софтвер бағдарламалар түрiнде “сыйлықтар” да әзiрленген, егер олардың жолы болса, “халық компьютерi” деп аталатын көпшiлiкке белгiлi компьютердi, “Ашық әлем” үкiметтiк бағдарламасының жаңалығын сатып алуға болады, олардың бағаларының арзандығы бiздiң отандық жас “юзерлер” де, олардың ата-аналары да таң қалдырады. Тұрмыстық техниканың үлгiлерi ғана емес, әр түрлi сыйлыққа арналған жинақтар, үй қажеттiлiгiне арналған тауарлар және көптеген басқа заттар рostmarket.kz сауда алаңының “электрондық сөрелерiне” қазiрдiң өзiнде шығарылып, сатылуда.

Бiздiң әрқайсысымыз өз жолымызды тек “электрондық дүкендер” деп аталатын таңғажайып әлемге қарай бастауымыз қажет. Postmarket.kz-тен бастаңыз!