Жаңалықтар

ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ашық дереккөзі

ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Жуырда “Бастау” бильярд клубында “Эйр Астана” әуе компаниясы және “”Central Asia Monitor”” саяси-қоғамдық басылымының ұйымдастыруымен “Air Astana Open 2008” бильярд турнирi өттi.

Турнирде “Хабар”, “Қазақстан”, “Мир”, “Алматы”, “Рахат” телеарналары, “Қазақ әдебиетi”, “Дала мен қала”, “Түркiстан”, “Айқын”, “Литер”, “Понорама”, “Капитал”, “Экспресс К.”, “Аргументы и факты” сынды елiмiзде жетекшi ақпарат құралдарынан құралған отыздан астам командалар арасында жарыс өткен болатын. Халықаралық дәрежедегi төрешi Роман Бузурходжаевтың басшылығымен өткен жарыс халықаралық комитеттiң ережелерiне сәйкес “Еркiн пирамида” жүйесi бойынша өттi.

Олимпиялық жүйемен өткен сайыста “Хабар” арнасын, жарыс қожайындары — “Central Asia Monitor” газетiн, “”Экспресс К”, “Аргументы и факты” және ақтық сында “Вечерный Алматы” командаларын ұтқан “Қазақ әдебиетi” командасы жарыс жеңiмпазы атанды. “Қазақ әдебиетiнiң” намысын Жанарбек Әшiмжан мен Бақыт Беделханұлы қорғаған болатын. 2-орынға “Вечерный Алматы” ие болса, 3-орынды “Аргументы и факты” газетi иемдендi. Жеңiмпаздарға арнайы кубок, I дәрежелi диплом және “Эйр Астана” әуе компаниясы тарапынан “Алматы-Дубай-Алматы” бағыты бойынша бизнес-класқа екi билет табыс етiлдi. Сондай-ақ, “Бастау” бильярд клубы қос жеңiмпазға аса бағалы қос кий тарту еттi.

Түркiстан-ақпарат