Жаңалықтар

Бір бөлмелі пәтерлер бағасы күрт құлдырады

ашық дереккөзі

Бір бөлмелі пәтерлер бағасы күрт құлдырады

Соңғы бес жылда қарқынды өскен Алматыдағы бір бөлмелі пәтерлердің бағасы кенет күрт төмендей бастады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Статистикаға сүйенсек, маусым айында жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу мамырға қарағанда 20 пайызға өсті, мұндай жағдай елдің барлық аумағында болды, әсіресе Алматы ерекше көзге түсіп отыр. Дегенмен, риелторлардың айтуынша, жаңа және екінші деңгейді пәтерлердің бағасы өзгермеген. Сарапшылардың айтуынша, сатып алушылардың көбеюіне ипотекалық несие берушілер қатарының артуы себеп.

  "Маусымнан бастап бірнеше банк ипотека бере бастады, сондықтан да сауда-саттық көбейіп отыр. Дегенмен бұл бағаның өсетінін білдірмейді. Менің ойымша, егер ипотекалық несие осылай беріле берсе, баға осы деңгейде қалу керек", − деді жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Көптілеу Жалмаханов.

Жылжымайтын мүлік нарығында байқалған тағы бір елеулі өзгеріс – бір бөлмелі пәтерлер бағасының күрт құлдырау. Мәселен, Әуезов ауданынан мұндай баспананы 42 мың долларға ала аласыз. Мамандар пәтер бағасының әлі де түсетінін айтып отыр. "Менің ойымша, алдағы 2-3 жылда жылжымайтын мүліктің құны тағы да түседі. Қазақстанда эконом кластағы баспаналарды салу қолға алынбай жатыр, көбіне халыққа арналған тұрғын үйлер салыну үстінде. Біздің экономикамызға әсер ететін бірнеше фактор бар − ол мұнайдың бағасының төмендеуі, бюджеттің азаюы, осыған сәйкес бюджеттің барлық бағытта жұмсалуы", - деді экономист Уәлихан Төлешев. Нарықтағы қазіргі жағдайды маусымдық құбылыс деп бағалауға болады. Күз басталғанда баға әдеттегідей шарықтап кетуі мүмкін.