Жаңалықтар

АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

ашық дереккөзі

АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Өткен аптада Елордада екi күн бойы “Әрiптестiк стратегиясы және адам ресурстарын дамыту. Көшбасшы жолы” деген тақырыпта 4-халықаралық конференция өттi. Әлемнiң бiрқатар елiнен жүз жетпiстей адам қатынасқан конференция адам ресурстарын дамытуға бағытталды.

Тақырыбынан белгiлi болып тұрғанындай, аталмыш конференцияның басты мақсаты — бизнес пен бiлiм беру саласының өзара iс-әрекетi арқылы қызметкерлердi даярлау мен бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн дамыту. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы ұйымдастырып отырған жиынның басты ерекшелiгi биресми және еркiн пiкiр алмасу жағдайы екенi белгiлi. Конференцияға қатысқандар сарапшылармен бiрлесе отырып, адам ресурстарын басқарудағы негiзгi мәселелер бойынша пiкiр алмасып, көптеген мәлiметтер айтылды. Атап айтар болсақ, жиынға қатысушылар қазақстандық және шетелдiк ұйымдардағы менеджерлердiң жұмыстары, олардың өзiндiк басқару ерекшелiктерi жөнiнде мағлұматтармен танысты. Сондай-ақ, корпоративтiк басқарудың маңыздылығын арттыру мәселелерiн талқылады. Ең әуелi бизнестiң қызметкерлер мен қоғам алдындағы әлеуметтiк жауапкершiлiгiне де мән берiлiп, жан-жақты талданды.

Бұл жиынға қазақстандық компания өкiлдерiмен қатар, Ресей, Ұлыбритания, Шотландия, АҚШ, Нидерланды, Норвегия елдерiнен қырықтан астам компаниялары атынан жүз жетпiстей өкiл қатысып, халықаралық адам ресурстарын басқару туралы келелi мәселелердi қозғады.

Конференция барысында өткiзiлген тағы бiр игiлiктi шара — Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдердiң бiлiм орталықтары мен орта, жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламаларының көрмесi ұйымдастырылуы болды. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының қызметкерлердi бiрыңғай дамыту орталығының директоры Ғ.Толқымбаев жиын барысында жұмыс берушiлер мен оқу орындары арасында өзара ынтымақтастықтардың құрылғанын, елдегi және шетелдердегi оқу орындары арасында альянс құрылып, келiсiмшартқа отырғандықтарын айта кеттi.

Ал ұлттық компаниясының ақпараттық саясат департаментiнiң директоры И.Пустогачев өз сөзiнде:

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiк деңгейi жағынан ашық пiкiрдi ұстанып, бұқаралық ақпарат құралдарымен серiктестiкте, қазақстандық қызметкерлер арасындағы бәсекелестiк тудыратын жоғарғы көкейкестi мәселелерге қоғамның назарын аударуды жоспарлайды”, — дедi.

Аталмыш жиын барысында адам ресурстарын тиiмдi басқару тақырыбында ақпарат құралдары өкiлдерiне арналған “Ең үздiк тiлшi” номинациясы бойынша байқау өткiзiлетiндiгi де мәлiм болды.

Бұл жиыннан ұққанымыз, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының адам ресурстарын тиiмдi басқару секiлдi форумдарды өткiзу арқылы әлем алдында өзiндiк тәжiрибе қалыптастырды деп нық сенiммен айтуымызға болады. Халықаралық жиынның өтуiне ұйытқы болған демеушiлер – “ҚазМұнайГаз”, Аджип ККО, “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг”, “Теңiзшевройл” компаниялары.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы акционерлiк қоғамы елiмiздегi мұнай-газ саласындағы мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiретiн көмiрсутегiлерiн барлау, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi ұлттық оператор болып саналады.

Гүлзина Бектасова