Жаңалықтар

СЕНIМДIЛIКТI КӨРСЕТУ

ашық дереккөзі

СЕНIМДIЛIКТI КӨРСЕТУ

kaspi bank-iнiң жаңа келбетi Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерiн өзiне жинап қана қоймай, ол жарқын, берiк және заманауи болады.

Елiмiз дағдарыс кезеңiнен өтiп, көптеген банктер өздерiнiң бизнес пен несие саясатының негiздерiн қайта қарап отырған заманда, қазақстандық банкирлер биылғы Қаржыгерлер күнiн күрделi жағдайда қарсы алуда. Дегенмен, банктердiң барлығы бiрдей емес.

Олардың бiреуi өзiн ерекше көрсетiп отыр: соңғы жылы ол өзi туралы өте белсендi түрде жария етiп, теледидардан өзi жайлы жар салуда. Әңгiме өз атауын kaspi bank-ке өзгерткен және осы аптада өзiнiң жаңа келбетi мен жаңа бейнесiн ресми түрде жария ететiн Каспий банкi турасында болып отыр. kaspi bank иелерiнiң мәлiмдеулерiнше, олар осы сыртқы өзгерiстерге шамамен 10 миллион доллар және 2 жылғы жұмысын жұмсаған. Бұл бейне қандай болады, жұрттың барлығы үнемдеп қалғысы келiп отырғанда, олар оны нелiктен қазiр өзгертуде және бұл клиенттер үшiн ненi бiлдiредi?

— Банкiмiздiң жаңа бейнесiн тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД елдерiнде де ең қызықты, берiк әрi позитивтi деп батыл айтуға болады, — деп бiзге мәлiм еттi kaspi bank-iнiң басшысы Михаил Ломтадзе. — Бiрақ бүгiнгi күнге дейiн, яғни ресми тұсаукесерге дейiн ол үлкен құпия болып қала бередi және бiрде-бiр адам оған немқұрайлы қарай алмас.

— Ең алдымен бiз мыңдаған қазақстандықтардан олар не жайында армандайтыны, не туралы ойлайтыны, қалай өмiр сүргiсi келетiндiгi, мiнсiз банк бейнесiн қалай елестететiнi жайында сұрадық, — деп жалғастырды өз әңгiмесiн Михаил Ломтадзе. — Бұл бiзге өте қызықты болды, өйткенi kaspi bank — таңдаулы адамдар мен корпорациялар үшiн құрылған банк емес, ол күнделiктi мұқтаждықтары бар қарапайым адамдарға арналған банк. Екiншi жасаған қадамымыз — бiз өткендi шолып, Қазақстан тарихына, тiптi жартасқа салынған әйгiлi суреттерге дейiн көшпендiлердiң мәдениетiне қарадық. Дәл солардан шабыт алдық. Жарнамалық агенттiк осы бейненi жасағанда, ол екi нәрсенi көрсетсе екен деп қаладық: бұл адами қарым-қатынастар, отбасылық құндылықтарды ұстану әрi бұл барлық қазақтарға және бүкiл қазақстандықтарға тән. Мысалға, банкiмiздiң жаңа атауы кiшi әрiппен жазылады. Нелiктен? Өйткенi бiз өз клиенттерiмiзбен бiрдеймiз.

Екiншiсi — бұл қиын-қыстау заманда өтiп жатса да, адамдардың өсiп келе жатқан елiне деген қатынасы. Отаншылдық — өте күштi эмоция және бiздiң банкiмiздi тек бiздiң қызметкерлерiмiз ғана емес, сол сияқты саны 1 миллионнан асқан клиенттерiмiз де мақтан тұтса екен деймiз.

kaspi bank-iнiң командасы банк жаңа келбетiнiң арқасында өзiнiң ұлттық тамырларының көмегiмен ұлттық мақтанышқа айналады деп есептейдi.

Аптаның соңында, яғни 15 қарашада банктiң осы жаңа бейнесiн бүкiл ел көретiн болады.

Елiмiзде дағдарыс болып жатқанда банк өзiнiң сыртқы келбетiн нелiктен дәл қазiр өзгертiп отыр деген сауалға Михаил Ломтадзе: “Қалғандардың қолынан келмей отырғанда, бизнеске инвестиция салатындай дәл қазiргiдей уақыт табылмас”, — деп жауап қайтарды.

Сондықтан банктiң “жаңа келбетiне” 10 миллион доллар көлемiнде инвестиция жұмсау — Қазақстанның қаржы секторы бұрынғыдай перспективтi әрi тартымды екендiгiн көрсету. Бұл сенiмдiлiк цифрларға негiзделген. Мысалға, банк клиенттерiнiң саны соңғы 12 айда 1,5 есеге 1 млн. адамға дейiн өстi және kaspi bank халық депозиттерi өсiмiнiң үрдiсi бойынша қазақстандық банктердiң арасында бiрiншi орында — шамамен 40%.

ОЛАР kaspi bank-тiң ЖАҢА КЕЛБЕТIН КӨРДI

Жаңа брендтi әзiрлеген — «Corporate Profiles DDB Group» басқарушы директоры, әрiптесi Шимон ГУТКОВСКИ:

“Бес жылдан кейiн kaspi bank Қазақстандағы ең танымал банк болатындығын көрiп отырмын. Жалпы банктер туралы әңгiме қозғалғанда, адамдар ең алдымен осы банктi естерiне алатын болады”.

«TNS Gallup Media Asia» зерттеу компаниясының атқарушы директоры Татьяна Старцева:

“Банк “халықтық” дегенге акцент жасап отыр. Бiрақ бұл жердегi ең басты бағыттылық — өскелең ұрпақтың аға ұрпақты қамқорлығына алуында. Банктiң жаңа бейнесi жартасқа салынған әйгiлi суреттерге қарап жасалды және бұл өте сәттi идея. Бұл суреттерде Қазақстанда тұрып жатқан түрлi этникалық топтардың өкiлдерi өз көрiнiсiн табады және оны барлығы бiрдей жақсы қабылдайды деп ойлаймын. Бұл kaspi bank-iн басқалардан ерекше етiп көрсетiп, “елiктiрiп” әкетедi”.

«MEGA» орталықтары желiсiнiң маркетинг пен жарнама департаментiнiң директоры Сино Ализода:

“kaspi bank-iнiң жаңа келбетi отбасындағы қамқорлықты елестетедi. Қызыл түстiң сақталғаны да өте маңызды, өйткенi ол Каспий банкiмен байланыстырады”.