Жаңалықтар

“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIП” ҚЫТАЙДА АТОМ СТАНСАСЫН САЛМАҚ

ашық дереккөзі

“ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСIП” ҚЫТАЙДА АТОМ СТАНСАСЫН САЛМАҚ

Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек метaлдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар экспортымен айналысатын ұлттық оператор – “Қазатомөнеркәсiп” Ұлттық атом компаниясы” АҚ соңғы уақытта айтулы жетiстiктер мен оңтайлы нәтижелерге қол жеткiзiп отыр. Қазiргi таңда елiмiз уран өндiруден Канада мен Австралиядан кейiнгi үшiншi орында тұр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының басын тағы бiр қосқан “Қазатомөнеркәсiп” Ұлттық атом компаниясы” АҚ президентi Мұхтар Жәкiшев жағымды жаңалықпен бөлiстi. Ол өз сөзiнде Қытайдың Гуандонь ядролық-энергетикалық корпорациясы және ядролық өнеркәсiп кәсiпорнымен келiсiмшартқа отырғанын, бұл құжаттар бойынша Қытай халық республикасына табиғи уран тасымалдау, Қазақстан аумағындағы кенiштердi бiрлесiп игеру және уран отынын жасау көзделгендiгiн, тiптi, қызмет аясын кеңейтiп Қытайдағы атом стансаларының құрылысына қатысатындығын да жеткiздi.

Қазатомөнеркәсiп” Ұлттық атом компаниясы” АҚ зауыттар құрылысы аяқталғаннан кейiн, кез-келген отынды даярлай алатынына толық сенiмдi. Сол сияқты стансаларды салып болған соң оларды отынмен қамтамасыз ету де негiзгi жоспарда. “Атом станциясы 60 жылға жоспарланғандықтан, бiз бiр станса салып-ақ, өзiмiздi және тұтыну нарығын толық қамтамасыз ете аламыз. Қиын сәттерде жинақтаған тәжiрибемiздi оңтайлы пайдаланып, бәсекелестерiмiзден әлдеқайда басым болуды көздеймiз” дейдi “Қазатомөнеркәсiп” Ұлттық атом компаниясы” АҚ президентi Мұхтар Жәкiшев. Мұның нәтижесiнде барлық салаға салқынын тигiзген қаржы дағдарысына да төтеп беру шаралары да қарастырылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында “Самұрық-Қазына” игiлiк қоры қажет жағдайда қаржыландырылып отырмақ. Бұл үшiн бюджеттен әжептәуiр ақша да көзделген. Қысқасы, сырттан инвесторлар тарту кезiнде әлдеқандай қиындықтар туындаса, “Самұрық-Қазына” қоры жобаны аяқтауға 1 жарым миллиард доллар бөле алады.

Ресми деректерге сүйенсек, 2030 жылға қарай көмiрсутектi энергетиканың жалпы үлес салмағының төмендейдi. Көмiр энергетикасы үлесiн сақтау үшiн де қазiргi өндiрiлетiн 1000 ГВт 2,3 миллиард тонна көмiрге 3,8 миллиард тонна қосымша өнiм өндiрудi қажет етедi. Бұл орындалуы қиын, әрi экологиялық жағынан аса тиiмсiз. Еуропадағы гидростансалар үлкен су қоймаларын талап ететiндiктен, сол Еуропаның өзiнде стансаларды салу мүмкiн болмайды. “Осы мәселелердi ескерсек, ядролық энергияның үлесi қазiрдiң өзiнде артып отырғаны сезiледi. Алдағы уақытта әлем бойынша 464 атом реакторы салынбақ. Сондай-ақ, 2015 жылға дейiн дүниежүзiнде 74 атом электр стансасы iске қосылады” – дейдi “Қазатомөнеркәсiп” басшысы.

Демек, Қазақстан 2009 жылы уран өндiрiсiнiң көлемi жағынан әлемде бiрiншi орынға шығуы әбден мүмкiн. “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық атом компаниясының мәлiметтерiне қарағанда, ағымдағы жылы республикадағы уран кен орындарында бiрнеше кенiш iске қосылады. Олар жылдық қуаты 300 тонналық Қайнар учаскесi, 1000 тонналық – Батыс Мыңқұдық, 3 мың тонналық – Қорасан-1 және 750 тонналық – Иiркөл, 2 мың тонналық – Ыңғай, 2 мың тонналық Оңтүстiк Ыңғай (өнеркәсiптiк өндiрiс 2009 жылы) кенiштерi. Бiр айта кетерлiгi сол, “Қазатомөнеркәсiп” ҰАК (51 пайыз) Францияның “Арева” корпорациясысымен (49 пайыз) бiрiгiп, ядролық-отын циклындағы түпкi өнiм саналатын жылу бөлгiш құрамалар (жылдық қуаты 1200 тонна) шығаратын атом энергетикасы мен индустриясы бағытында халықаралық ғылыми орталық құрмақ. Француздық үлгiдегi реакторлар үшiн өндiрiстiк қуаты 400 тонналық бiрегей желi жұмыс iстесе, оған қажеттi отын түймелерiн “Қазатомөнеркәсiп” компаниясы жеткiзiп беретiн болады. 170 млн. АҚШ доллары көзделiп отырған бұл жоба 2014 жылы iске қосылуы мүмкiн. Нәтижесiнде Қазақстандағы уран өндiрiсiнiң көлемi жыл соңына 9 мың тоннадан асып жығылатын болса, 2009 жылы осындай қуатты отын түрiн өндiру 12 мың 826 тоннаны құрамақшы. Ал әлем елдерi бойынша уран өндiрiсiнiң көшбасшылары болып табылатын Канада келесi жылы 11мың 100 тонна, Австралия 9 мың 430 тонна уран өндiрмекшi. Дегенмен, елiмiздiң Ұлттық компаниясы 2015 жылға дейiн бәсекелестерiн басып озып, жылына 21 мың тонна өндiрудi жоспарлап отыр. Алла сәтiн салса, Қазақстан уран өндiрушi елдердi басып озып, алғашқы орынға көтерiлуi мүмкiн.

Бiр-екi күндiкте “Қазатомөнеркәсiп” ҰАК” АҚ президентi Мұхтар Жәкiшев сенат депутаттарының алдында есеп бердi. Депутаттардың қойған сауалына жауап берген компания басшысы бiрқатар жобалармен таныстыра кеттi. Мұхтар Жәкiшевтiң айтуынша, қазiр әлемде бiрнеше ондаған атом электр станциясы салынып жатыр. “2015 жылы 27 150 тонна, одан соң 12 мың тонна уран шығарамыз, сол кезде компанияда шамамен 6 мыңға жуық маман жұмыс iстейтiн болады” дей келе, жоба құнының 800068 млн. АҚШ долларын құрайтындығын айта кеттi. Мұнымен қоса, “Қазатомөнеркәсiп” ҰАК” АҚ әлемдегi бiрден-бiр компания “Toshiba”-ның 10 пайыздық акциясын сатып алу арқылы екi жақты келiсiмге келiп, елiмiзде халықаралық ядролық орталық құруға уағдаласыпты. Яғни, көп ұзамай шикi затқа деген сұраныс еселеп артады. Соған байланысты ұлттық компания бiрнеше жобаны жүзеге асырғалы отыр. Әрине, ол үшiн бiлiктi, бiлiмдi мамандар қажет. Компания басшысының айтуынша қазiр атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау үшiн Токияның техникалық университетiнiң филиалын өзiмiзге жақын маңнан, яғни Курчатов қаласынан ашу мәселесi қарастырылып жатқанға ұқсайды.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ