Жаңалықтар

СОЗАҚ ӨЛКЕСI - ҚАЗАҚ ЕЛIНIҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

ашық дереккөзі

СОЗАҚ ӨЛКЕСI - ҚАЗАҚ ЕЛIНIҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Ауқымына кiшiгiрiм бiрнеше еуропалық ел сыйып кететiн құт мекен Созақ ауданының құрылғанына 80 жыл толып, оны ел-жұрт дүрiлдетiп атап өттi.

Созақ ауданы жағрафиялық жағынан Қаратаудың Терiскейiн, Мойынқұм, Бетпақдала шөлiнiң едәуiр бөлiгiн қамтыған ұлан-ғайыр далаға орналасқан. Табиғаты қатал болса да шөбi шүйгiн, ауасы таза, — малға жайлы құтты мекен, — дейдi аузы дуалы жұрт.

Созақ өлкесiнiң тамаша тарихы, ғажайып болашағы тәттi қиялдарға жетелейдi. Ел тарихының тылсым сырын шертедi. «Созақ өлкесi — қазақ елiнiң қара шаңырағы» деп тектен-тек айтылмаса керек.

Созақтың киелi, тарихи өлке екендiгi оның топырағында бүкiл түркi жұртына ортақ қасиеттi тұлғалар Баба Түктi Шашты Әзiз, қазақ даласына ең алғаш келiп, мұсылмандық жолын ашқан Ысқақ баб, iзгiлiк пен батырлықты қатар ұстаған Қарабура әулиелердiң жатуынан байқалады.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов осы құт мекенде талай рет болып, өзiнiң өшпес ойларын айтып кеткен. “Сол бұрынғы шежiресiн еске алсақ, бұл Қаратаудың басына иiсi қазақ баласына мәлiм санада көшкен бiр көш келетiн. Сонадан берi қарай Қаратаудың терiскейi мен түстiгi аңыз-әңгiмеге, дастан-хикаяға толы дерсiз. Сол аңыз бойынша қазақтың үш жүзi тараған”, — дептi заңғар жазушы. Ең көне саналатын “Алпамыс батыр” жырында “Әзiрет Қаратау әулиенiң кенi едi” деген өлең жолдары Созақтың қасиеттi мекен болғанын айғақтайды.

Созақ тарихына көз жүгiртсеңiз тағылымы мол деректерге кезiгесiз. 1255 жылы Италия монахы Рубрук осы өлке арқылы Қарақорымға сапар шеккен. Осы өлкеде атақты “Қаратаудың басынан көш келедi, көшкен сайын бiр тайлақ бос келедi”, — деп басталатын тарихи ән дүниеге келдi. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасы Созақ даласынан басталды. Жәнiбек пен Керей хан Созақты аз уақыт болса да астана етедi. Тәуке хан Созақта кеңес өткiзiп, Абылайхан осы өлкеге ат басын бұрады.

Осынау тарихи өлкенiң 80 жылдық мерейтойын атап өту қай жақтан алып қарасақ та үлкен тарихи маңызға ие екендiгiнде дау жоқ.

Тойдың алғашқы күнi ақындар айтысымен басталды. Қазақтың қазақ екендiгiн, суырыпсалма жыр дүлдүлдерi танытып, сахнаға шықты. Талант, тапқырлық, дарындылық айтыскердiң бойына тән қасиет. Жыр сайысы да спорт өнерiмен пара-пар. Бiреудiң бағы жанып, бәйгеде бiреудiң аты озады. Айтыс өнерiнiң басы-қасында қазақтың өнерi мен дәстүрiн құрметтейтiн, талант иесiнiң қолтығынан демеп, сүйеп жүретiн, туған жердiң топырағына бас иiп келген, меценат Атымтай Омаров жүрдi. Әдiлқазылық жасау – ардың iсi. Сондықтан жүлдегерлер өз өнерiне, талантына қарай сый-сияпатқа бөленгендей болды.

Айтыстың бас жүлдесiн, бәйгеге тiгiлген жеңiл автокөлiгiн Астандан келген айтыскер ақын қыз Айнұр Тұрсынбаева жеңiп алды. Ақын қыз бас бәйгеге тiгiлген автокөлiктi Жартытөбе ауылынан айтысқа шыққан ақын жiгiт Қалижан Бiлдашқа тарту еттi. “Жомарттық – тек жiгiтке емес, қыздарға да жарасады” деп қойды. Айтыс көрермендерi бiрiншi орын Балғынбек Иманшевқа (Талдықорған), екiншi екi жүлде Карима Оралова (Шымкент), Ақмарал Леубаева (Шымкент), үшiншi орын Әбiлқайыр Сыздықовқа (Қызылорда), Жарқынбек Наушабекке (Сарыағаш) бұйырды. Бiр топ айтыскер ақындар ынталандыру сыйлықтарын алды.

Тойға келген қонақтар ертесiне Ысқақ баб кесенесi мен медресесiн аралап, тарихи орындармен танысты. “Қазақатом өнеркәсiп Демеу” ЖШС-нiң қаржысына салынған спорттық сауықтыру кешенiде болды.

Халыққа қызмет көрсетiп жатқан халық банктiң аудандық бөлiмшесiнiң жаңа ғимаратының тұсаукесер рәсiмiне қатысты.

Түс ауа ауданның 80 жылдығына арналған театрландырылған көрiнiс пен мерекелiк концерт болып өттi. “Бағдат” ипподромында өткен ат бәйгесi мерекелiк шараның соңғы нүктесiн қойды.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ