Жаңалықтар

“НУР АС-СУЛТА ФИ ҚАЗАҚСТАН”

ашық дереккөзі

“НУР АС-СУЛТА ФИ ҚАЗАҚСТАН”

Кеше Қазақ Ұлттық университетiнде Мажит ат-Туркидiң Қазақстанның тұңғыш Президентiнiң қызметiне арналған “Нур ас-султа фи Қазақстан” (“Қазақстандағы билiк нұры”) атты кiтабының тұсаукесерi өттi.

Саяси ғылымдарының докторы Мажит ат-Туркидiң Елбасымыздың жүргiзiп отырған кемеңгер саясатына тәнтi болып, “Қазақстандағы билiк нұры” деп жариялаған кiтабына алғысөздi Сауд Арабиясы Корольдiгiнiң Сыртқы iстер министрi Ханзада Сауд әл-Фейсалдың өзi жазуы Президент Н.Ә. Назарбаевтың кемеңгерлiк саясатына жоғары баға беруi болып табылады.

Бұл кiтап орыс тiлiне аударылған. Болашақта кiтап авторы еңбегiн ҚазҰУ-дың шығыстану факультетi араб тiлi және әдебиетi кафедрасының оқытушыларының атсалысуымен қазақ тiлiне аударып, басып шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл шараға Алматыдағы араб елдерiнiң елшiлерi, Ислам даму банкiнiң өкiлдерi және “Нұр Мубарак” университетiндегi мысырлық оқытушылар қатысты.

Әйгерiм ДОСЫМОВА