Жаңалықтар

АЛАШ ИДЕЯСЫНА АРНАЛАДЫ

ашық дереккөзі

АЛАШ ИДЕЯСЫНА АРНАЛАДЫ

Бүгiн “Тянь-Шань” қонақ үйiнде, сағат 11:00 де Республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өтедi.

Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея — Ұлт-азаттық идеясы алпысыншы жылдары “Жас тұлпар” ұйымы болып бас көтерiп, жетпiсiншi жылдары “Жас қазақ” бiрлестiгi болып жанданып, одан жиырмадан аса жасырын жастар ұйымдарына ұласқан ағысқа қарсылық ақыры 1986 жылғы ызғарлы Желтоқсан көтерiлiсiне алып келдi. Бiздiңше, жастық лептiң дем беруiмен тарихи бiрiздiлiк бойынша дамыған бұл асқақ тарихымызды бүгiнгi ұрпақ бiлуге тиiс. Сабақ алуға мiндеттi. Тағызым етуi парыз.

Мiне, осы мәселе “Алаш” қозғалысына 90 жыл: Ұлт-азаттық күресiндегi жастардың орны” аты республикалық ғылыми-тәжiрбиелiк конференцияда талқыланбақ. Конференцияда журналист-публицист Болатбек Төлепбергеннiң “Мәңгi жас – Алаш идеясы” кiтабының тұсаукесерi болып өтедi.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры

Тел: 2610-600, 2610 -011