Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМА ӨЗГЕРТIЛЕДI

ашық дереккөзі

МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМА ӨЗГЕРТIЛЕДI

МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМА ӨЗГЕРТIЛЕДI 

Қашаған кен орнын игеру жұмыстары 2013 жылға кейiн шегерiлгенi белгiлi. Осыған байланысты мемлекеттiк бағдарламаға да өзгерiстер енгiзу көзделiп отыр.

Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiн игеруге қатысты мемлекеттiк бағдарлама Қашаған кен орнын игеру жұмыстарының кейiнге шегерiлуiне байланысты өзгертулердi талап етедi. Елiмiзде он алтыншы рет өткiзiлген “Мұнай және газ” — KIOGE-2008 көрмесiнде ҚР энергетика жәнеи минералдық ресурстар министрi Сауат Мыңбаев шикiзат өндiру көлемi мен мерзiмге қатысты баптардың қайта қаралатынын мәлiмдедi. Каспий теңiзiн игеруге байланысты қабылданған мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру 2006-2010 жылдарды қамтиды. Қазанның ортасында өткiзiлетiн үкiметтiк отырыста аталған мәселе түбегейлi шешiмiн таппақ. Eni компаниясы бастаған инвесторлар қауымы Қашаған кен орнындағы игеру жұмыстарын 2012-2013 жылдары бастауға ұсыныс бiлдiрген болатын. Үстiмiздегi жылдың шiлдесiнде ҚР Үкiметi 2013 жылға шегердi. БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ОТЫРЫС  

Министрлер үйiнде Республикалық бюджеттiк комиссияның 29-отырысы өттi. Тiзгiнi вице-министр Өмiрзақ Шөкеевтiң еншiсiнде болған отырыста мемлекеттiк қазынаның ахуалы сөз етiлген.

Мемлекеттiк бюджетке түстеiн кiрiстiң қысқаруы немесе шығындардың көбеюiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлер, 2008 жылға арналған республикалық бағдарламаларға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар және ҚР Үкiметiнiң “ҚР “2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы” заңын жүзеге асыру туралы” қаулысы күн тәртiбiне шығарылған Республикалық бюджеттiк комиссия отырысы халық қазынасының жағдайын талқыға салды. О ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ПЕН БҰ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ 

2008 жылдың қыркүйегiнде азық-түлiк тауарларының бағасы былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда, 23,7 пайызға қымбаттаған.

ҚР Статистика агенттiгiнiң мамандарының айтуынша, соңғы бiр жылда ұн — 50,2 пайызға, күрiш — 82,2 пайызға, нан — 12,4 пайызға, арпа-бидай — 21,3 пайызға, май мен май өнiмдерi — 57,2 пайызға, сүт өнiмдерi мен жұмыртқа — 27,3 пайызға, жемiс-жидек — 19,9 пайызға, көкөнiс — 21,1 пайызға, кондитер өнiмдерi 17,4 пайызға қымбаттаған. Әсiресе, ет жемесе, “қызылсырайтын” қазақтарға обал болды. 12 айдың iшiнде ет өнiмдерiнiң құны 17,9 пайызға, оның iшiнде жылқы етi — 16,9, шұжық өнiмдерi — 21,8, қой етiнiң бағасы 14,1 пайызға өскен. Ал балық пен теңiз өнiмдерi 13,7 пайызға шығандаған.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ