Жаңалықтар

БАУЫРЖАН БАЙБЕК – БАТЫС АЙМАҚТА

ашық дереккөзі

БАУЫРЖАН БАЙБЕК – БАТЫС АЙМАҚТА

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Орал қаласына барып, өңірдегі өндіріс орындарының жұмысымен танысып, жергілікті халықпен тілдесті.

Бұдан соң мыңға тарта адам еңбек ететін оралдық «Зенит» зауыты ұжымымен кездесті. Еліміздің қорғаныс саласындағы көшбасшы кәсіпорын жылына 2 кеме жасап шығарады. Теңіздегі ел шекарасын қоритын бұл кемелерге сұраныс жоғары. «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жастар қанаты жанынан құрылған бастамашыл топтың жұмысына ризашылығын білдіріп, жастарды баспанамен қамту мәселесін назарынан тыс қалдырмады. Бүгінде жыл сайын жүзге тарта жас отбасы пәтерге қол жеткізіп жүр. Оралдағы сапары барысында Бауыржан Байбек «Нұр Отан» ХДП жиынына қатысып, партия алдында тұрған міндеттерді іске асырудың тиімді тетіктерін талқыға салды.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің батыс аймақтағы іссапары Ақтөбе облысында жалғасты. Жаңа жұмыс орындарымен танысып, «Қазақстан барысы» біріншілігінің кезекті айналымын тамашалады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 70 жылдан астам ел игілігіне қызмет етіп келеді. Сонау соғыс жылдары іргетасы қаланып, қажет болған көлемде металл жеткізіп тұрған. Бүгінде тұтынушылар көлемі кеңейіп, жаңа цех ашуға мәжбүрлік туындады. Осыған орай өткен жылы 4-ші балқыту залының құрылысы басталып, талай адамға жұмыс берілді. Мұндағы жастар мәселесі де сөз болды. Республикалық «Стоп қылмыс» науқанының белсенділері атқарылған істі қорытындылап, есеп берді. «Күш-жігері көп, патриоттық сезімі жоғары, білімі жоғары, басқаға үлгі болу керек. Мемлекет үшін. Адам өсем десе, балабақшадан талпыну керек», – деді «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ