Жаңалықтар

Арақ атадан қалған ас емес

ашық дереккөзі

Арақ атадан қалған ас емес

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері таяуда Ордабасы ауданының Ақбұлақ елді мекенінде «Беленькая» және «Байкал» маркалы арақтарын заңсыз шығарумен айналысқан астыртын цехтың жұмысын әшкереледі.

Операция барысында, сыйымдылығы 0,5 литр 1560 дана шөлмек «Байкал» арағы, сыйымдылығы 0,5 литр 1600 дана шөлмек «Беленькая» арағы және 4460 дана жалған есептік бақылау маркалары тәркіленді. Сонымен қатар, айғақ заттар ретінде цехтан арақ өнімдерін өндіруге арналған құрал-жабдық табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше баптарымен қылмыстық істер қозғалу мәселесі қаралуда.

Қайрат Матреков